Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Zhaniya Bakizova Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек - Хадис даналық бұлағы 110 Күнә істемеу қажылықта "Асыл арна" ислами - ағартушылық телеарнасының рухани бейне роликтері. Директоры: Мұхаммеджан Тазабек

Скачать в формате mp3
Zhaniya Bakizova - Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Дата: 2018-04-11
Длина mp3: 03:51
Просомотров: 358
Понравилось: 0

Прочие песни артиста Zhaniya Bakizova
358

Текст песни целиком:

Бұл ән
бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған
ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Денең
жан нұрлы болса, жөнделмек,
Өлең
әнге өлшеп айтса, өңделмек,
Ұйқасса қолайлы.

Ән өлшеуіш,
өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу,
не кем салу,
Қапы қалу жарамас.

Ауыр
осы әнге тауып сөз салмақ
Тәуір,
татымды ұйқас жиналмақ
Тереңнен толғанып.
Сырын
бұл әннің айтып қарайын
Түрін
сипаттап, тізіп санайын,
Өлең тап ойланып.

Буыны сегіз,
алтауы егіз,
Үшем деңіз екеуі.
Кім дәл басты,
кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?

Қайран
қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран
сауықты рахат түндерім,
Сендерден не пайда?
Асқан
алпыстан мынау жасымыз
Қашқан
шалдықтан ғарып басымыз,
Қаласың қай сайда?

Ноқталы бас,
ағызып жас,
Қызусыз мас, желіксіз,
Хаққа көніп,
жалын сеніп,
Көрге төніп еріксіз.

Жастық
жалынсам және келер ме,
Мастық
денеме қызу берер ме?
Суынған тұла бой.
Маған
қарама, көңілім, мұңайып,
Саған
жеткізбес, кеткен ол ғайып,
Жас өмір өткен той.

Бұл алпысты,
түскен тісті,
Тозған түсті жасымда
Сөгуші едім,
опық жедім,
Бәрі менің басымда.

Тағдыр
адамды айдап туғызбақ,
Әрбір
сүйгенін нәпсі қуғызбақ -
Өмірдің жолы бұл.
Жақсы
нәпсісін өзі билемек,
Тапшы
наданды нәпсі сүйремек,
Мақтанға болып құл.

Ата-анасы,
айналасы,
Замандасы қылған іс
Тәлім берер,
соған ерер,
Тағы келер бір туыс.

Хадис даналық бұлағы 110 Күнә істемеу қажылықта

Обратите внимание на эти песни

Комменты в тему (0)

Добавить комментарий который увидят сотни!

Антироботы: